Былғары қолғап шеберлері «Jetisy fit»- ке келді

Былғары қолғап шеберлері «Jetisy fit»- ке келді
Жастардың спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатын да, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Жолдауда басымдылық берген «ұлт денсаулығын нығайту» бағытында Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен бокcтан шеберлік сабақтары өткізілді.
«Тәні саудың, жаны сау» деген ұстанымды ұстанған Бүкілқазақстандық универсиаданың 2019 жылғы жүлдегерлері  Нұржан Мақашбаев пен Алмас Құрманғалиев журналистер үйінің   «Jetisy fit» фитнес залында мекеме қызметкерлерімен өз тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған шараны «Jetisy Media» КММ ұйымдастырды. «Игі істің басына жақсы келер қасына» дегендей салауатты өмір салтын насихаттайтын шеберлік сабағынан ешкімде қалыс қалған жоқ.

Шараға қатысушылар ой сергітіп, бой жазып, денелерін шынықтырыпта алды. Шеберлік сағатын өткізген спортшылар «сен тұр мен атайын» дейтін тепсе темір үзетін жігіттер.
Қатарластарының өздеріндей шымыр болуын қалаған спортшылардың таңдаған жолында жеткен жетістігі аз емес. 2007 жылы боксқа келген. Былғары қолғап шебері Нұржан Мақашбаев  жастар арасындағы ел чемпионатында, Халықаралық Бекзат Саттарханов атындағы жарыста  рет жеңіс  тұғырынан көрінген.
«Бапкер ретінде шеберлік сағатын өткізуім брінші рет. Жалпы бапкер болу оңай емес. Әр адамның оң жамбасына келетін әдістерін нақты тауып, көрсетуің керексің, сонда өзің дайындап жүрген жас спортшының жұлдызын жағасың. Сонымен қоса шаршы алаңға шығудың да өзіндік қиындығы бар. Екеуін бірге алып қарайтын болсақ,  қайсысы болмасын жауапкершіліктің жүгі мойныңа артылады»,- дейді бапкер Нұржан Мақашбаев.
Журналистер үйінің ғимаратында өткен сергіту сәтінде  шаршы алаңның шаңын шығарып жүрген қос саңлақ бокстың басқалар біле бермейтін қыр-сырымен бөлісті. Өз кезегінде мемлекеттік қызметтің сарбаздары кәдеге жарар ақпарлар мен әдістерді ойына тоқы да, бойына сіңірді. Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл демекші, қатысушылар жақсы көңіл-күйде тарқасты. Мұндай игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.
Анар Сабырова
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ
TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!