Талғар аудандық орталық мешіті «Үлгілі діни ғибадатхана» аталды

Талғар аудандық орталық мешіті «Үлгілі діни ғибадатхана» аталды
Қазақстан Республикасындағы толеранттылық пен конфессияаралық келісімді нығайтып, еліміздің тарихи, мәдени құндылықтары мен зайырлы қағидаттарын сабақтастыруда белсенділік танытып, жоғары руханияттың озық үлгісін көрсеткен Талғар аудандық мешіті «Үлгілі діни ғибадатхана» номинациясы бойынша Алматы облысының әкімі А.Баталовтың марапатын иеленді. Бұл марапат Талдықорған қаласының Салтанат сарайында ІІ облыстық дінтанушылар және діни бірлестік жетекшілерінің форумында табыс етілді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Марат Алмасұлы, облыс әкімі орынбасары Батыржан Құлаймергенұлы, ҚМДБ-ның «Халықаралық қатынастар және хаттама» бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы, дінтанушы-ғалымдар, аудан-ауыл имамдары, шіркеу жетекшілері бас қосқан шарада еліміздегі діни ахуал кеңінен талқыланып, форум жұмысының нәтижесі бойынша арнайы  үндеу қабылданды. Аталмыш шараға қатысып, өз ойларын жеткізген аудандық орталық мешіт имамдары өзге аудандарға үлгілі орта екендерін тағы бір дәлелдеп қайтты. Газет ұжымы атынан аудандық орталық мешіт ұжымын құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз.
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ
TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!