«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы композитті түрде көрсетілетін қызмет түрлерін арттырмақ. Бұдан былай қандайда бір мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылатын өтініш саны азайтылатын болады.
2020 жылы қызмет көрсету процесін оңтайландыру үшін 55 түрлі мемлекеттік қызмет 21 түрлі композиттік қызметке біріктіріледі деп жоспарланып отыр.
«Мұндай қызметтердің ішінде жер актісін алу қызметі үлкен сұранысқа ие деп ойлаймын. Мәселен, қазір бұл қызметті алу үшін 4 түрлі өтініш жазу керек. 2020 жылдан бастап, бұл актілердің барлығы біріктіріліп, «Сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу және беру» сияқты бір қызмет арқылы қолжетімді болады. Бұған дейін біз зейнеткерлікке байланысты төлемдерді тағайындау бойынша барлық қызметті композит қызметіне біріктіргенбіз», – дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
Айта кетейік, зейнеткерлік төлемдерді бір ғана өтінішпен тағайындауға мүмкіндік беретін қызмет бір жыл бұрын іске қосылған, содан бері композитті түрде 99,2 зейнетақы тағайындалған. Бұған дейін зейнет жасына жеткен азамат ХҚО-ға келіп жасына байланысты және базалық зейнетақыны төлеу бойынша 2 өтініш беретін, әрі бір айдан кейін қайтадан мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы өтініш жазып, кейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барып, тағы бір өтініш толтыратын. Енді осы 4 қызмет үшін ХҚО-ға бір-ақ рет барып, бір ғана өтініш жазу жеткілікті.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметі