Алматы облысының әкімі ең белсенді әкім атанды

Алматы облысының әкімі ең белсенді  әкім атанды

Қазақстандағы рейтингі жоғары ақпараттық  NUR.KZ  сайтының ұйымдастырған сауалнама нәтижесі бойынша, елімізде қоғам өміріне етене жақын араласатын, халықпен тығыз байланыс жасайтын ең белсенді әкім анықталды,–деп хабарлайды Талғар-ақпарат.

Сауалнамаға жауап берген ғаламтор қолданушыларының көпшілігінің пікірінше үздік әкім ретінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов танылды.

Аймақ басшысын Nur.kz порталының Мемлекеттік органдармен жұмыс жасау департаментінің директоры Шыңғыс Мәдібек мақтау қағазымен марапаттады.

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ

TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!