Талдықорғанда Жолдау аясында дөңгелек үстел өтті

Талдықорғанда Жолдау аясында дөңгелек үстел өтті
Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, «Jetysu Media» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Алматы облыстық Талдау және болжау орталығының ұйымдастыруымен «Рухани Жаңғыру» жобалық офисінің мәжіліс залында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты Президенттің Жолдауымен танысу және міндеттерді іске асыру бойынша жоспарды талқылау болды. Шараға қоғам қайраткерлері, ардагерлер кеңесінің өкілдері, жастар, кәсіпкерлер, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысып, ойларымен бөлісті.

   Алғаш сөз бастаған Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясының Алматы облыстық филиалының жетекшісі Сауле Таскимбайқызы:
«Президент Жолдауы – барша қазақстандықтардың өміріне, болашағына қатысты тарихи құжат. Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне жетелеген Президенттің алғашқы Жолдауы еліміздің еңсесін биіктетіп, ғаламдық өркениет өрісіне шығармақ. Мемлекет басшысы: қайнаған тіршіліктің бәрі елдің экономикасына қатысты екенін баса айтты. Өйткені елдің дамуы экономикамен тығыз, тікелей байланысты: бәсекелестік кеңістікте дамыған ел ғана алдыңғы орынға шығатынына көзіміз жетті,-деді.
Өз кезегінде сөз алған Алматы облысының «Рухани Жаңғыру» жобалық офисы жетекшісінің орынбасары Канапьянов Рустем Мемлекет басшысы қазіргі уақытта бізге тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғанын баса айтып, «Рухани жаңғыру — табысты ел болудың кепілі» екенін атап өтті.
Алматы облысы бойынша бірқатар шаралар жасалды. Өңірімізде ағымдағы жылы қоғамдық саланы жаңғыртуға арналған облыстық жобалар мен  іс-шаралар жоспары бекітіліп, 585 жобалар мен   іс-шараларды (оның ішінде 192 жоба мен 393 іс-шара) жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар атқарылуда,-деді Р.Канапьянов.
Іс-шара соңында қатысушылар Жолдау бойынша маңызды мәселелерді бірауыздан қолдап, өз пікірлерін білдірді. Президент алға қойған міндеттерді орындау бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізуге белсенді жұмыс істеуге шешім қабылдады.
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ
TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!