Президент: шетелдік инвестициясыз дамушы мемлекеттер өмір сүре алмайды

Президент: шетелдік инвестициясыз дамушы мемлекеттер өмір сүре алмайды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мүдде  мемлекет саясаттың басты бағыты болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биліктің міндеті  — диалог арқылы мемлекеттік саясаттың міндеті мақсаттарын қоғамға түсіндіру, салауатты ұсыныстар мен пікірлерді ескеру. Кейде бұл істі нашар атқарып жатамыз. Біз  ұлттық, мемлекеттік мүддені қашан да бірінші орынға қоямыз. Тағы да шегелеп айтамын. Жерімізді ешкімге бермейміз. халқымыздың мұң-мұқтажын әрқашанда ескереміз, басты назарда болады. Шетелдік  инвестициялар тек қажетті салаларға ғана тартылады.

Жалпы шетелдік  инвестициясыз дамушы мемлекеттер өмір сүре алмайды.  Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея, тағы басқа елдер инвестициялардың арқасында жетістікке қол жеткізді.

Шетелдік инвестициялар елдердің қауіпсіздігіне кепіл болады. Көптеген саясаткерлердің, дипломаттар мен сарапшылардың теріс болжамына қарамастан Қазақстан мемлекет ретінде орнықты. Бұған Тұңғыш Президентіміз және бүкіл халқымыз зор еңбек сіңірді. Қазір бір тәуелсіздігінің 30 жылдың межесіне жақындап келеміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Талғар-ақпарат