Түнгі 00:00-ден кейін Алматы көшелеріндегі жылдамдық режимі өзгереді
Алматының көшелеріндегі жылдамдық режиміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Талғар-ақпарат.
Бүгін яғни тамыз айының 27 күні сағат 00: 00-ден бастап әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолында 80 км/сағ жылдамдық рұқсат етілетіні хабарланды. Десекте Бағанашыл ықшамауданындағы тұсындағы Ходжанова көшесіне дейін және кіші Желтоқсан көше қилыстарындағы жылдамдық өзгеріссіз 60 шақырым күйінде қалды. Себебі, бұл учаскелерде қауіпті бұрылыстар көп екендігі айтылған.
«Біз Саин көшесінің бойындағы жол жағдайы мен апаттар деңгейіне қосымша талдауларжүргіздік. Нәтижесінде осы көшеде рұқсат етілген жылдамдық шегі 80 шақырымға дейін ұлғайтылады. «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің камералары техникалық қайта жөндеуден өткізіліп, жұмыс күнінің соңына дейін жол белгілері ауыстырылады», — дейді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ