Бақытжан Сағынтаев қабылдаған шешімдер

Бақытжан Сағынтаев қабылдаған шешімдер

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалында  партияның кеңейтілген отырысы өтті ,– деп хабарлайды Талғар-ақпарат Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиын барысында әкім қала азаматтарымен партия және атқарушы органдар арасындағы диалогын күшейтудің маңызын  атап көрсетті.

«Бізде «Бақытты отбасы – Алматы » қорының жұмысы жолға қойылды. Тәжірибе бар. Бүгінде 3 мыңға жуық анаға көмек көрсетілді. Бір ай бұрын республикада алғаш болып «Мобильді халыққа көмек» жобасын іске қостық. Осы уақыт ішінде қала шетінде орналасқан базарлар мен вокзалдарда меморган басшылары мен депутаттар 1300 адамды қабылдады. Мәселенің 67 пайызы оң шешімін тапты. Мәслихат депутаттары басшылық еткен әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарда 60 партиялық бақылау бекеттері орналастырылды» , — деді Бақытжан Сағынтаев.

Өз кезегінде мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев бірқатар маңызды шешім қабылдады:

  • Апта сайын оның қатысуымен «Nur Otan» партиясының филиалында өзекті мәселелер бойынша шұғыл жиындар өткізу;

  • Филиал жанынан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарау жөніндегі Азаматтық комитет құрылады. Бұл комитет меморгандармен бірлесіп, мәселенің шешу жолдары мен олардың орындалуын бақылайды;

  • Мәслихаттағы фракцияның рөлін арттыру;

  • «Jas Otan» және Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің жетекшілігімен ЖОО-дағы жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу.

  • Қала әкімдігі жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жұмысын жандандыру.

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ

TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!