Елдегі егіннің жәйі

Елдегі егіннің жәйі

Осы уақытқа дейін елімізде 3 млн 363,5 мың тонна астық орылған,–деп хабарлайды Талғар-ақпарат

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынған мәліметне сәйкес,  диқандар 2 млн 685 мың га, егістік алқабын орған. Барлық өңірлерге шаққанда  бұл көрсеткішті  17,6 пайызды құраған.  Орташа өнімділік әр гектарға 12,5 центнерден келеді.

«2018 жылдың аталған кезеңінде  1 млн 323,5 мың га алқап орылған болатын.  Ол кезде орташа өнімділік гектарына15,5 центнерді құраған», — деп көрсеткен министрлік мәліметінде.

Ағымдағы жыл бойынша диқандар аумағы 15 млн 214 мың гектар болатын астықты қамба салып үлгеруі тиіс. Былтырғы жылғы егіс көлемі 15 млн 8,1 мың гектар болған.

Еске салсақ, 2018 жылғы жиын-терін науқанының қорытындысы бойынша 22 млн 810 мың тонна астық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 15,1 центнерді құраған.

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ

TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!