Жоғалған алматылық альпинистер табылмады
Қар құрсауында қалып қойған алматылық үш альпинисті іздестіру жұмыстары тоқтатылмақ,–деп хабарлайды Талғар-ақпарат Қазақстан альпинизм және спорттық альпинизм федерациясының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
«Біз Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевті тірідей табуға мүмкіндіктің болмағаны үшін өкінеміз, соған қарамастан, қазақстандық тарап ертең тағы бір бақылау рейсін жасайды. Содан кейін іздеу-құтқару жұмыстары аяқталады. Барлық балаларымыздың туыстары мен достарына көңіл айтамыз. Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаев және Андрей Корнеевтің өлімі бұл қазақстандық альпинизм үшін орны толмас қайғылыжағдай», — деп жазады федерациясының желідегі жазбасында.
Федерациясының бас хатшысы Қазбек Валиев, жоғалған альпинистерді іздестіру жұмстарына өзінің де қатысатынын жеткізді. Кеше тікұшақ сегіз бұрылыс бойынша тексеру жұмыстарын аяқтаған. Құтқару тобы жылу жылутүсіргішпен олар бағындыруды мақсат тұтқан «Жеңіс» шыңының төңерегін тексеріп шыққан. Жабайы асуыдың барлық беткейі мұқият зерттеліп, 6500-ден 4200 метрге дейін биіктіктегі альпинистердің жүруге тиісті аумағы мұқият тексерілгенін айтады.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын алматылық үш альпинистің Қырғызстан беткейіндегі Тянь-Шань тауында қар құрсауында қалып қойғаны туралы жазған едік.
Талғар-ақпарат