Бердібек Сапарбаев жаңа қызметте
Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Талғар-ақпарат Ақордаға сілтеме жасап.
«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын», — делінген Ақорданың хабарламасында.
Ол 1953 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылында туған. Еңбек жолын Қызылорда облысының Задария кеңшарында жұмысшысы болып бастаған.
Естеріңізге сала кетейік, Сапарбаев ағымдағы жылдың басынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінде болған.
Талғар-ақпарат