Осы жолғы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Тамыз конференциясында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі қатысып, білім саласында орын алып жатқан олқылықтарға қатысты пікірін айтып, оң ұсыныстар айтқанына қатты қуандым. Ел Президенті өз кезегінде білім саласы – елдегі жетекші саланың бірі болуы тиіс екендігін жеткізді. Бұл дегеніміз ұстаз дейтін ұлағатты маман иелерінің мәртебесін көтерілуі деп білемін.
Онымен қоса Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы ұстаздардың жалақысын көтеру жөнінде тілге тиек етті. Бұл жаңалыққа қуанбаған әріптестеріміз жоқ шығар. Ұстаздардың жалақысының көтерілуі білім сапасының артуына да тікелей қатысты деп ойлаймын. Тұрмыстық мәселесі шешілген жанның жұмысында да нәтижелі жетістіктер орын алып, сапаға қарай бет бұратыны айтпаса да түсінікті жайт.
Білім саласындағы қордаланып қалған мәселелерге терең талдау жүргізе отырып, Үкімет пен әкімдіктерге нақты жасалуға тиісті тапсырмалар берілді. Біз өз тарапымыздан Мемлекет басшысы айтқан сөздердің іс жүзінде жүзеге асатынына сенеміз.
Гүлзат Жолдасова,
Жүнісбай Қайыпов атындағы орта мектептің
ағылшын тілі пәні мұғалімі.