Елорда төрінде өткен биылғы тамыз кеңесі педагог қызметкерлердің ойында жүрген көп сауалға дөп түсті. Ұлттың, ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен білім көрсеткішімен өлшенетіндіктен бұл саладағы орын алған кемшіліктер мен олқылықтардың орны толуы керек деп ойлаймын. Осыған орай ҚР Президентінің айтқан бір ұсынысы қатты ұнады — ол мұғалімдерді басқа жұмыстарға тарту мәселесі. Расымен де республикалық деңгейдегі қандай науқан болмасын сол жұмыстың басым деңгейін мұғалімдер атқарып жүреді. Керек болсын, болмасын кең көлемді өткен жиындар мен кездесулерде де зал толтыруға келгенде ұстаздарды тартады. Осы көкейкесті мәселені көлденең бартқан Мемлекет басшысы мұндай бассыздықтардың орын алмауы қатаң қадағаланатындығын айтты. Осы айтылған дүние сөз жүзінде қалмай іс жүзіне де жүзеге асса педагогтардың өз жұмысына деген жауапкершіліктері артып, білім бәсекесі алға озар еді.
Мадина Қойшыбаева,
№49 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Талғар-ақпарат