Әл-Фараби даңғылына 80 ш/с жылдамдық рұқсат етілмек
Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылына сағатына 80 шақырым жылдамдық рұқсат етілетін болды,–деп хабарлайды Талғар-ақпарат informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
«Әкімдікке жоғары жылдамдықты магистральдарда (Шығыс айналма жолы, әл-Фараби даңғылы) рұқсатты жылдамдықты қайтадан сағатына 80 шақырым етіп өзгертуге байланысты жүргізушілер мен Қалалық қоғамдық кеңес тарапынан көптеген хаттар келіп түскен. Әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолы қаланың негізгі транзиттік магистралі болып табылады. Шетел тәжірибесі көрсеткендей, жылдамдықты шектеу тек қала ішіндегі орталық көшелер үшін ыңғайлы. Мысалы, Испанияның айналма жолдарында рұқсатты жылдамдық 120 ш/с, Мәскеудегі МКАДта – 100 ш/с», – деп айтылған әкімдіктің баспасөз баянында.
Алматы әкімдігіне осы мәселеге қатысты 800-ден астам қала тұрғындарынан хат келіп түскен.
«Соған байланысты, әкімдік әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолының рұқсатты жылдамдығын қайтаған сағатына 80 шақырым межесіне дейін көтеру шешімін қабылдайды», – делінеді хабарламада.
Талғар-ақпарат