Ұстаздардың жалақысы екі есеге көтерлімек

Ұстаздардың жалақысы екі есеге көтерлімек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге артатынын айтты, — деп хабарлайды Талғар-ақпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы мұғалімдердің кезекті рет өтіп жатқан тамыз конференциясында баяндады.

«Мұғалімдердің жалақысы төмен және экономика бойынша орташа жалақының 65 пайызын құрайды. Үкіметке мұғалімдердің жалақысын төрт жыл ішінде екі есеге арттыруды тапсырамын», — деп тапсырды Президент.

Жыл сайын өтетін ұстаздардың бұл жиынына биыл алғаш рет Мемлекет басшысы қатысады. Бұған дейінгі жылдары әр өңірден келетін мұғалімдердің саны 500 болса, биыл 2000-нан асады.

 

Telegram каналымызға жазылыңыз !

Талғар-ақпарат