Ендігі уақытта сіз кез-келген дәрі-дәрмектің бағасын ұялы телефоныңыздан біле аласыз, деп хабарлайды ТалғарАқпарат qamshy.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі DariKZ атты жаңа мобильді қосымшаны жарыққа шығарды. Ендігі уақытта қазақстандықтар үйден шықпай-ақ дәрілердің бағасын біле алады. Ал дәріханада баға өсіп кеткен жағдайда қолданушы шағым жасай алады.
Елдегі дәріханалардың бір-бірінен асып түсетін баға нарығының беталысына қарасақ, қолданушылардан түсетін шағымдар көп болатын сияқты. Осындай мүмкіндік үшін дәріге мұқтаж қалың жұрт министрлікке алғыс айтар.
Егер қосымша арқылы шағым жасағыңыз келсе, төмендегі шарттарды орындайсыз:
— іздеу функциясына дәрінің атын енгізу;
— «Шағымдану» деген батырманы басу;
— тіркелу куәлігінің номерін енгізу;
— дәрінің қалыпты бағасын тексеру;
— дәріхана орналасқан аймақты белгілеу;
— дәріхананың атауы мен мекен-жайын көрсету;
— өз номеріңізді қалдырып, көңіліңіз шапқан пікірді жазуға болады.
Бұл шарттарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жария етті. Сіз шағым жасаған бойда, «Шағымдар» бөлімі толығып отырады.
Талғар-ақпарат