Ең көп сатылатын автокөліктердің тізімі шықты

Ең көп сатылатын автокөліктердің тізімі шықты

Өткен айдың қортындысы бойынша елдегі ең көп сатылған көліктер көшін Toyota маркасы бастап тұр, — деп хабарлайды Талғар-ақпарат Елорда.инфо сайтына сілтеме жасап.

«Шілде айында еліміздің автокөлік нарығы сенімді қарқынмен өсті. Оған себеп — осы сала бойынша көш бастаушы 3 брендтің өз өнімдерін диллерлерге өткізу көрсеткішінің өсуі. 2019 жылдың шілде айында жаңа автокөлік сату өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға артық болып шықты. Бір айдың ішінде 6 183 жеңіл автокөлік сатқан, одан бөлек 854 — ауыр жүк көлігі, арнайы техника және автобус сатылды. Жеті айдың ішінде жалпы автокөлік сату өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артып, барлығы 39 115 автокөлік сатылды», — деп хабарлайды Қазақстанның автобизнес қауымдастығы.

 Осы орайда аталған қауымдастық  өткен шілде айы бойынша жиі сатылған ТОП-10 автокөлік тізімін ұсынды.

«Қазақстанда көп сатылған ТОП-10 авкөліктер көшін Toyota бастап тұр, шілде айында бұл марканың 1 425 данасы сатылды. Екінші орында Lada (1 417 дана), үшінші орында Hyundai (1384), төртінші орында Ravon (325), бесінші Kia (245), алтыншы Renault (244), жетінші Nissan — 192, сегізінші Skoda (168), тоғызыншы Lexus (139) және ондықты Jac авкөлігі аяқтайды өткен айда бұл марканың 126 данасы сатылды», — делінген хабарламада.

Ұсынылған ақпарат бойынша, шілде айының өзінде қазақстандықтар автокөлік алуға 375,1 млрд теңге (999,0 млн АҚШ доллары) жұмсаған.

Талғар-ақпарат

Telegram каналымызға жазылыңыз !