Қапшағайда 33 жұмысшы айлықтарын ала алмай жүр

Қапшағайда 33 жұмысшы айлықтарын ала алмай жүр

Қапшағай қаласындағы «Рязанов атындағы №25 Мостостроительный отряд» ЖСШ-нің  33 жұмысшысы 7 ай көлемінде айлық төленбегендігін айтып  әкімшілік мамандарына шағым түсірді, — деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған ТалғарАқпарат.

Осыған орай, қала ғимаратының кіші залында жиын өткізіліп, оған өңір басшысының орынбасарлары Сағдат Шатанұлы, Ілияс Сейтбекұлы және аталмыш серіктестіктің бірыңғай персоналды басқару қызметтік бөлімінің басшысы Ержан Оралбаев қатысып, келген азаматтарға бүгінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берілді. Нәтижесінде биылғы жылдың тамыз айының соңына дейін қарыз толықтай төленетін болады. Мекеме берешегі 6 500 000 теңге.Негізі осыған дейін арызданушылар қала прокуратурасына, Алматы облысының еңбек инспекциясына талап-арыз жазып, қортындысында «Рязанов атындағы №25 Мостостроительный отряд» ЖСШ-не екі рет айыппұл салынған. Бұл мәселе бүгінгі күнде облыстың еңбек инспекциясының және қала әкімдігінің қатаң бақылауында. Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде серіктестік берешегін өтемеген жағдайда іс әрі сотқа жолданатын болады.

Талғар-ақпарат