Халық саны өскен

Халық саны өскен

Қазақстан халық саны 1,3 пайызға өскен 2018 жылдың 1-ші маусымымен салыстырғанда 235,5 мың адмға көбейген,–деп хабарлайды Талғар-ақпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Статистика комитетінің ұсынған мәліметі бойынша , 2019 жылдың  шілде айында Қазақстанда халық саны 18 млн 507,9 мың адамға жеткен.

Жікетеп айтар болсақ, қала тұрғындарының жалпы саны 10 млн 816,6 мың адам немесе 58,2%  құраса, ауыл халқының үлес салмағы  7 млн 726,3 мың адам немесе 41,8%  көрсетіп отыр.

Өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда  биыл елге қоныс аударғандардың саны 11,3 % төмендеген, ал керсінше елден көшкендердің көрсеткіші  16,9% артқан. Негізгі миграциялық көші-қон ТМД елдері арасында болған. ТМД елдеріне қарасты өзге мемлекеттерден қоныс аударғандар саны 82%, ал аталған елдерге көшкендер саны 90,6% көрсеткен.

Елдің ішінде қоныс аударғандар саны 22,7% артты. Өңіраралық көшіп қону бойынша халық миграциясының оң сальдосы елдің төрт өңіріне келді. Олардың қатарында Маңғыстау облысында (556 адам) және Шымкент (3 710), Алматы (13 650), Нұр-Сұлтан (14 104) қалалары бар.

Талғар-ақпарат

Telegram каналымызға жазылыңыз !