Орманда тағы өрт шықты
Қарағанды облысына қарасты «Қарқаралы» ұлттық табиғи паркіне жақын орналсқан орманнан өрт шықты,– деп хабарлайды Талғар-ақпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағыдай қызметіне ормандағы өрттің шыққаны туралы хабар 12 тамыз 17:26 келіп түскен. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ кентінен 30 шақырым қашықтықта жатқан Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, бақты орман шаруашылығының аумағындағы құрғақ шөп тұтанып, ормандағы өрттің шығуына себеп болған.
Оқиға орын алған аймақты «Қазавиаорманқорғау» қызметкерлері МИ-2 тікұшағымен әуеден шолып шығып өрт 70 гектар орман алқабын шарпыған деген болжамын ұсынып отыр.
Өртпен күреске ТЖД-ның (77 адам, 13 техника), сонымен қатар Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (25 қызметкер мен 6 техника), Кувск орман қорғау және жануарлар әлемі шаруашылығы (4 қызметкер мен 1 техника) мен еркін өрт сөндіру құрылымдарының (38 қызметкер мен 5 техника) жұмылдырылды.
Талғар-ақпарат