Сенаттағы соңғы өзгерістер
Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт сенат депутаты болды,– деп хабарлайды Талғар-ақпарат.
Журналист бұл қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы бөлісті.
«ҚР президентінің жарлығымен ҚР парламентінің сенат депутаты болып тағайындалдым», — делінген желідегі жазбасында.
«Қазақстан» , «Хабар» телеарналары арқылы қалың көрерменге жол тартқан бірқатар әлеуметтік маңызға ие бағдарламарды жүргізген. Қазақ телевизиясында біраз жылдар бойына еңбек етіп келе жатқан Дана Нұржігіт бұдан былай ҚР парламенті сенатының депутаты болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, сенатта орын алған соңғы өзгерістер нәтежиесінде, сенатор Бірғаным Әйтімованің депутаттық өкілеттілігі тоқтады.
«Мұң бар. Менің елеулі саяси мансабым аяқталған сияқты күй кештім. Мұндай сезім бар. Бірақ мен бұған соңғы жылдары дайын болдым», — дейді Әйтімова
Экс-сенатор өз кезегінде шыққан шешімді жақсы қабылдағанын айтып, Елбасыға, Мемлекет басшысына және Дариға Назарбаеваға көрсеткен сенімдері үшін алғысын білдірді.
Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Талғар-ақпарат