Нұртөре Жүсіп жаңа лауазымға ие болды
Нұртөре Жүсіп Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды,– деп хабарлайды Талғар-ақпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп пен Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды»,–деп көрсетілген жарлықта.
Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.
Қызметтік жолын Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің тілшісі болып бастаған. Кейіннен көлік және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі, бас редакторының орынбасары сынды бірқатар болған.
1990-1996 жылдары — «Егемен Қазақстан» газеті экономика бөлімінің меңгерушісі, бас редакторының орынбасары.
1996-2002 жылдары — «Жас алаш» газетінің бас редакторы. 2002-2005 жылдары — «Ақ Жол Қазақстан» газетінің бас редакторы.
2005-2006 жылдары — «Егемен Қазақстан» газетінің бас директоры. 2006-2008 жылдары — «Астана хабары» газетінің бас редакторы.
2008 жылдың ақпанынан күні бүгінге дейін саяси-қоғамдық «Айқын» газетінің бас редакторы қызметін атқарып келген.
Нұртөре Жүсіп Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің, ҚР жазушылар одағының және журналистер одағының мүшесі. Президен сыйлығымен қатар Қазақстан журналистер одағының, Б.Бұлқышев, С.Садуақасов атындағы сыйлықтардың иегері.
Талғар-ақпарат