Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдау жариялайды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат. Ол бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасына жазды.
«2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі», — деп жазды парақшасына.
Талғар-ақпарат