GGG-ге туған керемет мүмкіндік

GGG-ге туған керемет мүмкіндік

Сауль «Канело» Альварес халықаралық бокс федерациясының IBF нұсқасының орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуінен айрылды,–деп жазады Талғар-ақпарат.

Бұл жағыдайдың орын алуына Сауль «Канело» Альварес пен  Сергей Деревянченко арасындағы қос тарап өкілдерінің кезекті жекпе-жекке байланысты келісімге келе алмауы себеп болып отыр. Әлем чемпионы белбеуін қорғау керек болған Канелоның командасы ақша мәселесіне келгенде бір жақты келісімге келе алмаған көрінеді.

Бұл жөнінде The Atletic өкілі Майк Коппинджер твиттерде жариялаған жазбасы арқылы бөлісті

«Дереккөздер «Канело» мен Деревянченко арасындағы келіссөздер қазір ресми түрде аяқталды деп отыр. Альварес күндізгі үштен кейін IBF титулынан айырылды. Мерзімі аяқталды. Тараптар ақша туралы келісе алмады», — деп жазды ол.

Әлемдік бокс федерациясының IBF-тің алдағы жоспарына сәйкес, чемпиондық белбеу үшін келесі өтетін тартыс Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкин арасында өтуі мүмкін. Себебі бұл титулға лайық және рейтинг жағынан ең жоғарғы орында отандасымыз GGG тұр. Демек Головкиннің әлем чемпионы белбеуін қайтарып алуына керемет мүмкіндік туды деген сөз.

Талғар-ақпарат

Telegram каналымызға жазылыңыз !