Air Astana-ның талаптары өзгерді

Air Astana-ның талаптары өзгерді

Ағымдағы жылдың 21 тамызынан бастап барлық Air Astana рейстерінде жолаушы жүгіне қатысты талартап өзгереді,–деп хабарлайды Талғар-ақпарат.

Атап айтсақ салмақтық жүйеден сандық жүйеге ауыстырылады. Бұған дейін 23 келіден аспайтын 2 жол сөмке алуға рұқсат етілген болса, енді тек өзіңізбен 23 келі тартатын бір ғана сөмкені арқалай аласыз. Егер тағы бір жолжүгін алатын болсаңыз жалпы салмағына қарамастан, қосымша ақы төлейтін боласыз. Бұл жүйе 2019  жылдың 7 тамызынан бастап сатып алынған билеттерге қолданылатын болады.

«Егер сізге көп жүк керек болса, ұшып кету уақытынан 24 сағат бұрын «Брондауды басқару» бөлімі, брондау және ақпарат орталығы, билет кассалары немесе туристік агенттіктер арқылы 30% жеңілдікпен жүк тасымалдау тарифін сатып ала аласыз», — дейді компания өкілі.

Көрсетілген тарифке байланысты жолаушы өзімен бірге бір немесе екі сөмке алып кете алады. Жолжүгінің рұқсат етілген салмағы эконом класста – 23 келі болса, бизнес-класста-32 келіге дейін алуға мүмкіндік бар.

Талғар-ақпарат

Telegram каналымызға жазылыңыз !