UFC-ге кірген алғашқы қазақстандық

UFC-ге кірген алғашқы қазақстандық

Жартылай орта салмақта M-1 Global тұжырымының чемпионы, отандасымыз Шавкат Рахмонов UFC ұйымымен  келісімшарт жасасты,–деп хабарлайды Талғар-ақпарат

Бұл жөнінде қазақстандық спортшының менеджері Саят Абдрахманов өзінің Instagram парақшасында жазған.

«Шавкат Рахманов UFC-мен келісім шартқа қол қойды және үздік ММА ұйымымен келісім шартқа отырған алғашқы қазақстандық спортшы ретінде тарихқа кіреді. Дебют қараша айы   на жоспарланған. Шавкат алғашқы болды, бірақ UFC-дегі біздің еліміздің соңғы өкілі болмайтынына сенімдімін «, — деді Саят Абдрахманов

Айта кетейік, Рахмоновқа M-1 Global тұжырымының чемпиондық жекпе жегіне дейін де, UFC-ден ұсыныс түскен болатын. Бірақ ол бас тартқан көрінеді. Белгілі болғандай чемпиондық белбеуін қорғағаннан кейін ғана, әйглі UFC ұйымымен  келісімшарт жасасуды ұйғарған.

Дамир Исмағұлов

Ол UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық болғанымен, UFC-ге енген екінші қазақ баласы болып отыр. Бұл тізімді Ресейдің атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Дамир Исмағұлов бастап тұр. UFC тұжырымы бойынша Дамир Исмағұлов қанжығасында әзірге екі жеңіс бар.

Талғар-ақпарат