Президентке жаңа көмекші тағайындалды
Мәулен Әшімбаев Президент көмекшісі қызметіне келді , — деп хабарлайды Талғар-ақпарат Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Жарлықта «Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын», — деп көрсетілген.
Ол 1971 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін тәмамдаған. Саяси ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері. Университетті бітіргеннен соң еңбек жолын 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінен бастаған. Кейіннен көптеген жауапты қызыметтер атқарған.
Мәулен Сағатханұлының соңғы атқарған қызыметтерінің бірі, 2018 жылы 1 ақпанынан бастап «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған .
Талғар-ақпарат