Отандық ТВ және радио арналар уақытша жұмысын тоқтатады

Отандық ТВ және радио арналар уақытша жұмысын тоқтатады

31 шілде күні еліміздегі барлық ТВ және радио өз жұмысын уақытша тоқтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы хабар тарату саласындағы ұлттық оператор хабарлады,– дейді Талғар-ақпарат.

Ұлттық оператордың тартақан мәліметінше, бұл күні еліміздегі барша телерадио бөлімшелері бойынша жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

«31 шілде күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша), эфирлік цифрлық, аналогты телехабар тарату және радиохабар тарату желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстары және жабдықтарды бақылау өлшемдері жүргізілетін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген хабарламада.


Талғар-ақпарат