Иесіз иттерді бақылау

Иесіз иттерді бақылау

Ит пен мысыққа да баспана қажет. Адам құқықтарын қорғау қоғамның мүшелері мен зооклубы қоғам мүшелері бірлестігінің еріктілері панасыз жануарлардың проблемаларын көтерді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Олардың айтуынша қазір өңірде панасыз жануарлар көбейіп барады. Биылдың өзінде жыл басынан бері 4 мыңға жуық ит ауланыпты. Статистикаға сүйенсек облыста жыл сайын шамамен 30 мың жануар жойылады екен. Бұл мәселені тек вольерлер салумен шешуге болады екен. Осы мәселе бойынша биылғы жылы облыстық бюджеттен 93 миллион 36 мың теңге қаражат бөлінген. Оның 58,4 пайызы игерілді. Бөлінген қаражатқа жыл соңына дейін вольерлер салынып,  жұмыстар жасалынбақ.

«Қазір аймақта мұндай келеңсіздіктердің алдын алып, жануарлардың адам денсаулығына зиян келтіруінен сақтану үшін түрлі шаралар қабылдануда.  Нақтырақ айтсақ, қаңғыбас жануарлар алдымен ауланып, әлеуметтік желі арқылы суреттері жарияланады. Осыдан соң біренеше күн ішінде олардың иесі табылмаған жағдайда көзі жойылады. Бүгінгі күнге дейін шаһарда 1923 ит, 164 мысық ауланып,  көзі жойылды. Мұндай жұмыстар бұдан былай да жалғасады,-деді Алматы облысы ветеринария басқармасы басшысы Нұрболат Инкербаев.

Талғар-ақпарат