Қаратал ауданында 100 отбасыға пәтер кілті табысталды

Қаратал ауданында 100 отбасыға пәтер кілті табысталды

Елорда күні  қарсаңында Үштөбе қаласы Шаңырак шағын ауданында жəне Акын Сара көшелерінде орналасқан   көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы қатысып, 100  отбасыға пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық бюджеттен бөлінген  200 млн теңге қаржыға Шаңырак шағын ауданындағы қырық пәтерлі тұрғын үй сатып алынған. Сондай-ақ 2018 жылдың 15 наурызында Үштөбе қаласындағы Акын Сара көшесіндегі 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй  «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, биыл құрылысы толықтай аяқталды. Аталған үй аудан бойынша кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға берілді.

«Мереке қарсаңында қоныстанғалы отырған баспаналарыңыз құтты болсын. Мемлекеттің осындай игі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді облыс әкімі.

Жаңа пәтерге жайғасқандардың басым көпшілігін көп балалы және мүгедек балалары бар отбасылар құрайды. Пәтер кілтін иеленгендер облыс, аудан басшылығына  ризашылығын білдіріп, алғыстарын да айтты.

Талғар-ақпарат