Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өтетін кезекті республикалық науқан өткізуде, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шара азаматтық белсенділікті арттыру, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйінсек, Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырып отырған науқанға кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Бұл үшін оған тұтынған тауар немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің суретін Play Market-те немесе App Store-да «Таңдау» мобильді қосымшасын жүктеп,тіркеуіңіз шарт.
Акцияның толық шарттары мен қосымшасымен жұмыс істеу нұсқаулығын www.trebui.kz акция сайтынан көруге болады.
Қазақстан Республикасының барлық азаматтары «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал» акциясына қатыса алады. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізеді.
Ағымдағы жылы акция «100 күн 100 смартфон» ұранымен өтуде. Қатысушылар арасында күн сайын акция өткізу кезеңінде 100 смартфон ойнатылады.
Бүгінгі күні «Түбіртекті талап ет — жүлде ұтып ал» науқанның алғашқы жеңімпазы Іле ауданның тұрғыны Төлеген Тайлақов жеңімпаз атанды.
ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардан жер салығы мен мүлік салығын есептеу және төлеу мерзімдері өзгертілді. Жеке тұлғалар төлейтін салықтарды есептеуді мемлекеттік кіріс органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді. Бұл ретте жер учаскесінің орналасқан жері бойынша 2018 жылға мүлік салығын және жеке тұлғалардың жер салығын төлеу мерзімдері 2019 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей төлеу қажет.
2018 жылдың көлік салығын төлеу мерзімі 2018 жылғы 31 желтоқсанында аяқталды, ал 2019 жылдың төлеу мерзімі — тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша 2019 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей төленуі қажет.
Бүгінгі күні Алматы облысының тұрғындары жер, көлік және мүлік салықтары бойынша 2 миллиард теңгеден астам қарыздары тіркелген.
Талғар-ақпарат