Биылғы жылы 50 түлекті үлкен өмірге қанаттандырған №13 орта мектептің салтанатты кешіне аудан әкімі Рыскелді Сатбаев қатысты. 2014-2015 оқу жылында бой көтерген білім ошағы биылғы жылы бесінші түлегін ұшырып отыр. Оқу жылын 1639 оқушымен аяқтаған мектепке Құралас Қонысбаева басшылық жасайды. Мектепте 130-ға жуық білікті мұғалім еңбек етеді.
Түлектерді құттықтап, ақжарма тілегін жолдаған аудан басшысы «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлеріне марапаттарын салтанатты түрде табыс етті. Мектеп басшысы да өткен оқу жылының жетістіктеріне тоқталып, білім көрсеткішінің өзгелерден озық екенін атай кетті. Бітіруші жастарға сәттілік тілеп, қайда жүрсе де мектеп абыройына нұқсан келтірмеулерін сұрады. Алдағы ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, қалаған мамандық иелері атуларына тілектестігін білдірді. Одан әрі ортада аяулы ұстаздар мен ата-аналар, түлектер өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ауыл ақсақалының батасын алды.
Атап өту қажет, 1377 аудан түлектерінің арасынан биылғы жылы 66 «Алтын белгі» және 72 «Үздік аттестат» иегерлері анықталды. Соның ішінде, аталмыш мектеп-лицейді бітірушілер арасынан 4 түлек «Алтын белгіге, 2 түлек «Үздік аттестатқа» ие болып отыр.
2018-2019 оқу жылында аудан бойынша білім беру ұйымдарын 40097 оқушы аяқтаса, оның 1377-сі мектеп қабырғасынан түлеп ұшты. Сол түлектің 50-і Тұздыбастау ауылындағы №13 орта мектепті тәмамдап, күні кеше қолдарына аттестаттарын алды.
130-ға жуық педагог қызмет ететін мектепте жоғары санатты мұғалімдер көптеп саналады. Білім ошағының беделі артып, абыройының аласармауына мектеп директоры Құралай Қоқнысбаеваның еңбегі зор. 31 жылда мыңдаған түлектерді қанаттандырған оқу ордасына аудан әкімі Ә.Оразбекұлы мен білім бөлімінің басшысы Б.Сейілханов және ардагер ұстаздар да табан тіреді. Жаңартылған білім жүйесіне байланысты мектептің хал-ахуалымен танысқан аудан әкімі «Робототехника» үйірмесін көріп, алдағы уақытта да ІТ технологияны жетілдіре түсуге тапсырма берді.
Одан әрі салтанатты рәсім дәстүрге сай, әуелі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Әнұран орындаудан бастау алды. Шара барысында аудан әкімі Ә.Оразбекұлы мектеп бітірушілерге жылы лебізін білдіріп, ауданда білім саласын өркендетуге ерекше көңіл бөлініп, тәуелсіздік жылдары ішінде 22 мектеп салынып, бой көтерсе, ауданда соңғы бес жылда 7 мектеп жаңадан пайдалануға берілгенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылында осы мектепті 31 түлек тәмамдап, 20 бала ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысса, олардың орта балы 89,4 пайыз көрсеткішті көрсетті. Оның 3 «Алтын белгі», 1 «Үздік аттестат» иегері атанды. Биылғы жылдың мектеп бітіруші түлектері де жоғары көрсеткіш көрсетеді деген үміттемін, – деді.
Алтын ұямен қоштасар сәт таяп, кешегі тұлымды ұл атжалын тартып, азамат болғанын, тұлымшақты қыз бой жеткенін бүгін ғана сезінгендей, көңілдері толқып, жүректері лүпілдейді. Алғаш әріп танытқан, бойларына жақсылықты дарытқан, балалығы мен шалалығын кешірген аяулы ұстаздарын қимаса да, қияға құлаш сермейді, аңсауға толы арманға қол созады. Мектеп бітірушілер бұдан кейін қоңырау олар үшін сыңғырламайтынын, мектеп партасына қайтып отырмайтынын білсе де, соның бәрін көкірегінің бір түкпіріне түйілген сырлы сағынышқа айналдырып кете бармақ. Ұстаздар он бір жыл бойы тәрбиесін шыңдаған, білімін жетілдіріп, қанаттандырған өрендерінің өздерін ешқашан ұмытпайтынына сенімді. Өйткені, бұл қайта айналып қайырыла бергің келетін, жыл сайын соңғы қоңырау соғылар күні жүрегің шымырлап, мектеп партасына жаңа отырған бала шәкірттей тебіренетін күн болып қала бермек.
Жолың болсын, жас түлек!
М. Бөлек