ОСК: Тоқаев жеңді

ОСК: Тоқаев жеңді

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады, — деп хабарлайды ТалғарАқпарат.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинады. Бұл 6 миллион 504 мың 54 дауыс.

Мұны ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.

Кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысы:

Жамбыл Ахметбеков — 167 249 — 1, 82 пайыз;

Дания Еспаева —  478 153 — 5, 2 пайыз;

Әміржан Қосанов — 1 472 733 — 16,02 пайыз;

Төлеутай Рахымбеков — 294 271 — 3,2 пайыз;

Амангелді Таспихов — 190 304  — 2,07 пайыз;

Касым-Жомарт Тоқаев — 6 504 054 — 70, 76 пайыз;

Сәдібек Түгел — 84 348 — 0, 92 пайыз.

Дауыс беруге сайлаушылардың 77,4 пайызы қатысты.

Кеше, 9 маусымда Қазақстанда Президент сайлауы өткен болатын. Кейінірек «Қоғамдық пікір» институты exit poll нәтижесін жариялаған еді. Exit poll мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайыз дауыс жинады.

Талғар-ақпарат