Тәжікстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Тәжікстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі қарқынды дамитынына сенім білдірді.

Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

Талғар-ақпарат