Еxit poll нәтижесі бойынша 9 маусымда өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сайлаушылардың 70,13 пайызы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді.
Бұл туралы астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғамдық пікір» институтының кеңес төрайымы Айнұр Мәжитова мәлімдеді.
Оның айтуынша, сайлау күні «Қоғамдық пікір» институты Exit poll-дың стандартты әдістемесі бойынша, сайлау учаскесіне барған сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Оларға «Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген бір ғана сауал қойылды. Сонымен, Exit-poll нәтижесі төмендегідей:
Қасым-Жомарт Тоқаевқа — 70,13 пайыз,
Әміржан Қосановқа — 15,39 пайыз,
Дания Еспаеваға — 5,32 пайыз,
Жамбыл Ахметбековке — 3,86 пайыз,
Төлеутай Рақымбековке — 3,03 пайыз,
Амангелді Таспиховқа — 1,41 пайыз,
Сәді-Бек Түгелге — 0,86 пайыз дауыс жинады.
Талғар-ақпарат