Мен Қыдыралина Ажар Сыдықбекқызы сайлаудың ашық әрі әділ өткеніне сенімдімін. Себебі өзім сайлау учаскесінде бақылаушы болдым. Еліміздің әрбір ел болашағына алаңдаған азаматы елдің ертеңі үшін сайлаудың қаншалықты маңызды екенін түсінді. Сол себепті де Талдықорған қаласының тұрғындары сайлауда өздерін белсенді көрсетті. Мен де өз дауысымды Президент болуға лайық деген азаматқа бердім. Осындай әділ сайлау өтіп, халықтың қалауы Президент болғанына қуаныштымын!
Талғар-ақпарат