Алматы облысындағы су тасқынына байланысты арнайы комиссия жұмыс жасауда

Алматы облысындағы су тасқынына байланысты арнайы комиссия жұмыс жасауда

Панфилов ауданының Пенжім ауылдық округінде орын алған сел салдарын жою жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

«Қазселденқорғау» мекемесі, әскери қызметкерлер мен басқада құзырлы мекемелермен бірге 200-ге тарта адамдар мен 40 техника көшелер мен ауладағы қалдық суды сорғызып, шағыл төсеу жұмыстарын жасауда. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар бөлімі, арнайы сала мамандары әр үйлерді тексеріп, материалдық шығындарды анықтау үстінде.

Еске сала кетейік, 3 маусым күні Пенжім ауылында ауа температурасының көтерілуі мен жауын-шашын салдарынан сел жүрген болатын. Салдарынан 270 үйдің ауласына су кірген. Бастысы адам шығыны мен қираған үйлер тіркелмеген.

Қазірдің өзінде жергілікті кәсіпкерлер отбасыларға азық-түлік, ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауылда жарық, су инфрақұрылым барлығы қалыпты жұмыс жасауда.

Талғар-ақпарат