Президент Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Президент Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтап, бұл мереке күллі мұсылман үмбетін адамгершілік пен қайырымдылыққа үндейтін  маңызды мереке екенін атап айтты, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ ол, Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді, деді.

«Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді.

Қазақстан – бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені. Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттылық пен адамгершілік құндылықтар – халқымызға тән игі қасиеттер.

Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік қоғамымыздың рухани жаңғыру идеясына толық сай келеді.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!

Ораза айт құтты болсын!» — деп аяқтады сөзін Прездент.

Талғар-ақпарат