Жетісу журналистері FIFA турниріне қатысты

Жетісу журналистері FIFA турниріне қатысты

Талдықорғанда облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай, FIFA-дан қалалық турнир өтті, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш турнирге БАҚ өкілдерінен құралған 6 командадан 5 қатысушы қатысты.

Турнирдің басты ұйымдастырушылары «Алматы облысының ішкі саясат басқарамасы», «Рухани жаңғыру» орталығы және облыстық «Жетісу» телеарнасы.

Шараның басты мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, қатысушылардың шеберлігін шыңдау.

Тартысты ойында  Ішкі саясат басқармасының намысын қорғап шыққан «Turan» командасы  бас жүлдеге ие болды.

«Қазіргі таңда «Play Station» ойын консольін білмейтін жасөспірім кемде-кем. Олардың маңыздылығы әлі күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ.  Қарсыластарымыз өте мықты. Жеңіске жету оңайға түскен жоқ. Мұндай жарыстар әлі де жалғасын табатынына сенімім мол. Ұйымдастырушыларға   алғысымыз шексіз», -деді бас жүлде иегері  Арсен Бесетаев.

Айта кетейік, аталмыш доданың қатысушыларын бағалаған әділ-қазы мүшесі киберспорт ойының  басты жаттықтырушысы  Саят Қабдықов.

Талғар-ақпарат