
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – өз өміріңізді ғана емес, айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең маңызды шарты.
Жүргізушілер жылдамдық режимін сақтап, көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланбауы, қауіпсіздік белдігін тағуы және жаяу жүргіншілерге жол беруі қажет. Ал жаяу жүргіншілер жолды тек арнайы өткел арқылы өтіп, бағдаршамның талаптарын қатаң сақтағаны жөн.
Әрбір сақтық шарасы – адам өмірін сақтап қалуға бағытталған маңызды қадам. Жолда мұқият болып, өзара сыйластық танытайық!
Жол ережесін сақтау – мәдениетті қоғамның белгісі, ал қауіпсіздік – бәрімізге ортақ құндылық.

