
Таза қоршаған орта – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
Тазалық тек көшелер мен саябақтардың көркі емес, ол – қоғамның мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Әр адам өз ауласын, жұмыс орнын, демалыс аймағын таза ұстап, табиғатқа жанашырлықпен қараса, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға үлкен үлес қоса алады.
Табиғатты қорғау – болашақ ұрпаққа деген қамқорлық. Ағаш отырғызу, қоқысты арнайы орындарға тастау, қоршаған ортаны ластамау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен өзгеріске бастайды.
Таза Қазақстан – әрқайсымыздың күнделікті ісімізден басталады. Табиғатты бірге қорғайық, тазалықты бірге сақтайық!

