ТАЗА ОРТА – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Тазалық – әр адамның күнделікті өмірінен басталады. Қоршаған ортаның таза болуы тек арнайы қызметтердің жұмысына емес, барша тұрғынның жауапкершілігіне байланысты.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында елді мекендерде түрлі тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Аула, көше, саябақтар мен қоғамдық орындар тазаланып, қоқыстар жиналып, абаттандыру жұмыстары атқарылуда.

Мұндай жұмыстардың басты мақсаты – айналаны таза ұстау ғана емес, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру. Әр адам қоқысты белгіленген жерге тастап, өз ауласын таза ұстап, ортақ іске үлес қосса, қоршаған орта да көркейе түседі.

Тазалыққа жауапкершілікпен қарау – туған жерге деген құрметтің бір көрінісі. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасына әр азамат өз үлесін қосуы маңызды