
Талғар ауданында «На велосипеде — на Құрылтай» атты велошеру ұйымдастырылып, оған 30-дан астам тұрғын қатысты. Қатысушылар №833 сайлау учаскесі маңына жиналып, велосипедпен сап түзеп, белгіленген бағыт бойынша жүріп өтті.
Шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және тұрғындардың қоғамдық белсенділігін арттыру. Велошеруге спорт саласының өкілдері, белсенді жастар мен аудан тұрғындары қатысып, өзара ұйымшылдық пен белсенділіктің үлгісін көрсетті.
Велосипедшілердің бір бағытта қозғалып, спорттық шараға белсене қатысуы тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырды. Көтеріңкі көңіл күй мен жақсы атмосфера қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
«На велосипеде — на Құрылтай» бастамасы салауатты өмір салтын дәріптеумен қатар, қоғамдағы белсенділік пен бірліктің маңызын айқындай түсті. Спорт пен қоғамдық бастаманы ұштастырған велошеру Талғар ауданындағы сайлау күнінің есте қаларлық шараларының біріне айналды.

