Жолдаудағы міндеттер – нақты іске бағытталған

Жолдаудағы міндеттер – нақты іске бағытталған

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің цифрлық трансформациясы мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу стратегиялық міндеттердің бірі ретінде белгіленді. Президент Қазақстанды алдағы үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін қойды.

Бұл бағыттағы жұмыстар бүгінде нақты нәтижелермен жалғасуда. 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллектіні дамытуға ерекше басымдық берілген кезеңге айналды. Үкімет мемлекеттік қызметтерді деректер мен жасанды интеллект негізінде дамыту, мемлекеттік басқаруға цифрлық шешімдерді енгізу бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

Жолдауда білім беру саласын жаңа технологияларға бейімдеу мәселесіне де ерекше назар аударылған. Осы бағытта оқушылар мен педагогтердің жасанды интеллект саласындағы сауаттылығын арттыруға, цифрлық білім беру құралдарын енгізуге бағытталған жобалар қолға алынуда.

Жолдаудың негізгі мәні – нақты міндеттерді белгілеп қана қоймай, олардың нәтижесін халықтың күнделікті өмірінен көру. Цифрландыру, білім сапасы, экономикалық даму және мемлекеттік басқарудың тиімділігі – барлығы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Жолдау – ел дамуының стратегиялық бағыты, ал оның орындалуы – нақты істерден көрінеді.