Талғар қаласында аудандық «Taza Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

Бүгін Талғар қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті аудандық «Taza Бейсенбі» тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстары Талғар қаласындағы бөгет (Плотина) аумағында өтті. Экологиялық акцияға Талғар ауданының әкімі, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, аудан тұрғындары және белсенді жастар қатысты.

Шара барысында қатысушылар бірігіп, аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Талғар ауданының әкімі акцияға белсенді қатысқан барша азаматтарға туған жердің тазалығы мен көркеюіне қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, мұндай игі бастамалардың қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

Шара соңында қатысушыларға алғыс ретінде дастарқан жайылып, ыстық палау ұсынылды.

Туған өлкеміздің тазалығы – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.