
Таза әрі көрікті ортада өмір сүру әр адамның қалауы. Бірақ мұндай ортаны қалыптастыру үшін барлығымыз бірдей жауапкершілік танытуымыз қажет.
«Таза Қазақстан» бастамасы тұрғындарды туған жерді таза ұстауға, табиғатты қорғауға және қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға үндейді. Осы бағытта сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен аулалар тазаланып, ағаштар мен гүлдер отырғызылып келеді.
Тазалық жұмыстарына тұрғындардың, жастардың, еңбек ұжымдарының және қоғамдық ұйымдардың қатысуы жақсы нәтиже беруде. Бір адамның жасаған ісі шағын көрінгенімен, көпшілік бірігіп әрекет етсе, оның нәтижесі үлкен болады.
Қоршаған ортаны таза ұстау – бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақтың алдындағы жауапкершілігіміз. Туған жеріміздің таза әрі жайлы болуы өз қолымызда.

