
Тазалық мәселесі – әр адамның күнделікті өмірімен тікелей байланысты. Көшенің, ауланың немесе саябақтың таза болуы тек арнайы қызметтердің жұмысына емес, тұрғындардың өз жауапкершілігіне де байланысты.
«Таза Қазақстан» бастамасының маңызы да осында деп ойлаймын. Бұл – белгілі бір күні ғана сенбілік өткізу емес, тазалықты тұрақты әдетке айналдыруға бағытталған жұмыс. Қоқысты белгіленген жерге тастау, табиғат аясында тазалық сақтау, өз ауламызды күтіп ұстау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі ортақ іске қосылған үлес.
Қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениеті бір күнде қалыптаспайды. Ол әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Бір адам өзінен бастап тазалық сақтаса, оның әрекеті айналасындағыларға да әсер етеді.
Таза көшелер мен абаттандырылған аумақ – ең алдымен сол жерде тұратын адамдардың мәдениетінің көрінісі. Сондықтан туған жеріміздің тазалығына бейжай қарамай, «Таза Қазақстан» идеясын күнделікті өмірімізде жалғастыруымыз қажет.

