Таза аула – тұрғындардың мәдениетінің айнасы

Тазалық – өркениетті қоғамның басты көрсеткіштерінің бірі. Аула мен көшенің тазалығы тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін, мәдениеті мен азаматтық ұстанымын айқындайды. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық орындардың тазалығын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.

Әрбір тұрғын өзі тұратын аумақтың тазалығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Аулаға қоқыс тастамау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қоғамдық мүлікті бүлдірмеу және санитарлық талаптарды сақтау – мәдениетті қоғамның негізгі белгілері.

Өкінішке қарай, кейбір жағдайларда тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау, қоғамдық орындарды ластау және вандализм фактілері кездесіп жатады. Мұндай әрекеттер қоршаған ортаның ластануына ғана емес, тұрғындардың өмір сүру сапасының төмендеуіне де әсер етеді. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарын бұзғаны үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылған.