Табиғатқа жанашырлық – болашаққа жауапкершілік

Табиғатқа жанашырлық – болашаққа жауапкершілік

 

Қоршаған ортаның тазалығы – елді мекеннің көркі ғана емес, халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Табиғатты қорғау мен айналаны абаттандыру әр адамның күнделікті әдетіне айналғанда ғана тұрақты нәтиже қалыптасады.

Алматы облысында «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. 2026 жылдың көктемгі кезеңінде өңірде 700-ге жуық экологиялық іс-шара өткізіліп, оған 344 мыңнан астам адам қатысты. Осы уақыт аралығында 60 мыңға жуық ағаш отырғызылып, тазалық жұмыстары барысында мыңдаған тонна қоқыс шығарылды.

Алдағы жылдары көгалдандыру жұмыстары одан әрі жалғасады. 2026–2030 жылдарға арналған өңірлік жоспарға сәйкес, облыс аумағында жыл сайын шамамен 220 мың түп ағаш отырғызу көзделген.

Таза көше, күтіп-бапталған аула, жасыл желек пен таза табиғат – баршаға ортақ құндылық. Сондықтан тазалықты сақтау бір реттік акциямен шектелмей, күнделікті мәдениетке айналуы қажет.

Таза орта – өзімізден басталады!