Спорт – денсаулық кепілі

Спорт – денсаулық кепілі

 

Талғар ауданында сайлау күні тұрғындардың белсенділігін арттырумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған игі бастамалар да ұйымдастырылды. Аудан спортшылары мен белсенді жастары ұлттық спорт түрлерін дәріптеп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. №1012 сайлау учаскесінде таңғы сағат 9:00-де Талғар ауданының спортшыларының бастамасымен ұлттық ойын – асық ату сайысы ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға арналған бұл шараға сайлаушылар мен ауыл тұрғындары қызығушылық танытып, асық ату ойынының қызықты сәттеріне куә болды.

Асық ату – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Ол жастардың мергендігін, ептілігін, дәлдігін шыңдап қана қоймай, ұлттық дәстүрге деген құрметін арттырады. Сондықтан сайлау күні ұйымдастырылған спорттық шара халықтың бос уақытын тиімді өткізуіне және ұлттық спортты кеңінен насихаттауға өз үлесін қосты.